Қазақстанда иноагенттер туралы заң жобасын әзірлеу жоспарланып отырған жоқ - министрлік

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әділет министрлігі Үкімет "Шетелдік агенттер туралы" заң жобасын әзірлеуді қарастырып отырмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрлігі Үкімет "Шетелдік агенттер туралы" заң жобасын әзірлеуді қарастырып отырмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметтің заңнамалық жұмыс жоспарында шетелдік агент мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу қарастырылмаған", - деді Әділет министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, жуырда Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстандағы шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметіне алаңдаушылық білдіріп, тиісті заң қабылдауды ұсынды.

Реклама
Реклама

Ирина Смирнова Қазақстанда бірқатар елде қолданылып жүрген заңдарға ұқсас заң қабылдауды ұсынды:

"Әлемде осыған ұқсас мәселелерге тап болған елдер шетелдік агенттер туралы заңдарды қабылдау арқылы оларға қарсы әрекет етеді. Мысалы, мұндай заңдар Израильде 2016 жылдан, Қытайда 2017 жылдан, Аустралияда 2018 жылдан, Ұлыбританияда 2023 жылдан, Францияда 2024 жылдан бері жұмыс істейді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама