Қазақстанда ипотека алу шарттары қайта қаралуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі және оны төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі және оны төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы қолданыстағы ипотекалық мөлшерлемелердің шынында да "өте жоғары болып отырғанын" мойындады.

"10–15–20 жылға 25 пайыздық ипотека – бұл өте жоғары мөлшерлеме. 25 пайыздық мөлшерлемемен тіпті 10 жылға алса да, артық төлем орасан зор болады. Мұндай төлемдерді қазақстандықтардың көтере алуы не алмайтыны – үлкен сұрақ", – деді ол брифинг барысында.

Реклама
Реклама

Ұлттық банк басшысының сөзінше, жақында кредиттік мөлшерлемені 25-тен 20 пайызға дейін төмендету мәселесі қаралған.

"Мүмкін, қосымша зерттеу, бастапқы жарнаны арттыру немесе басқа да қосымша шарттар қажет болар. Сонда мөлшерлемені сәл төмендету нұсқасын қарастыруға болады", – деді Сүлейменов.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов әлеуетті қарыз алушыларға кеңес берді:

"Жалпы, менің кеңесім мынадай: егер сіз мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сай келсеңіз, соларды пайдаланғаныңыз дұрыс. Немесе біраз күте тұрған жөн, базалық мөлшерлеме және сәйкесінше ипотека бойынша нарықтық мөлшерлемелер төмендей бастағанша", – деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама