Қазақстанда ипотека және тұтынушылық несиелер мөлшерлемелері өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан 2026 жылдың шілдесіне дейін несие мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетінін мәлімдеді, бұл ипотека және тұтынушылық несие беруге әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан 2026 жылдың шілдесіне дейін несие мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетінін мәлімдеді, бұл ипотека және тұтынушылық несие беруге әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Тілектес Адамбеков ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан Қазақстанда тұтынушылық және ипотекалық кредиттер бойынша мөлшерлемелер қашан төмендейтінін сұрады.

Жауап ретінде Әбілқасымова агенттік бірқатар қадам жасағанын еске салды:

Реклама
Реклама

"Өздеріңіз білесіздер, былтыр заң қабылдағаннан кейін тұтынушылық кредиттер бойынша барлық мөлшерлемені 56 пайыздан 46 пайызға дейін, ипотека бойынша 30 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеттік. Кепілсіз кредиттер бойынша мөлшерлемені 45 пайызға дейін төмендеттік", - деді ол.

Оның айтуынша, 2025 жылы ипотекалық қарыздар бойынша мөлшерлемені 20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туған. Алайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтергеннен кейін, көптеген банк ипотека беруді уақытша тоқтатты.

Әбілқасымова норманың әрекет ету мерзімі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылғанын айтты. Осы уақытқа дейін ҚНРДА Ұлттық банкпен бірлесіп, базалық мөлшерлемеге байланған жаңа есептеу әдістемесін әзірлейді.

Сондай-ақ ҚНРДА тұтынушылық кредиттер бойынша тәсілдерді қайта қарауды жоспарлап отыр:

"Нарықтағы орташа мөлшерлеме қазір 35–36 пайыз болады. Біз жаңа әдістеме осы деңгейде әзірленеді және бәсекелестік есебінен мөлшерлемелер төмендеуі тиіс деп есептейміз", - деді Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама