29 желтоқсан 2022 | 10:16

Қазақстанда жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін адамдардың жабық тасжолға шығып кеткені үшін барлық жауапкершілік полицияда болатын. 2022 жылғы қазанда "Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Үкімет қаулысы шығып, жүргізушілерді жолды жабу туралы ескертуді елемегені үшін және жолға шыққаны үшін жазалау міндеттелді.

Портал мәліметінше, тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс. Автомобиль жолдарға шығатын жолды жауып тастаған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар бірінші 30 АЕК немесе 2022 жылы 91 890 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алу. Қамауға алынбайтындарға (мысалы, мүгедектер) 50 АЕК, яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная