Қазақстанда жабық мекемелерде маска тағу режимі алып тасталды

ВАК Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша бірқатар шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша бірқатар шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;

медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;

адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;

білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Реклама
Реклама

Отырыс соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная