08 маусым 2022 | 16:16

Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмірмен жүргендер қалай жазаланады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсынылған норма Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланысты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Мәжіліс депутаты Нәзила Раззақтың айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылып қана қоймай, бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзету - көлікті мемлекеттік нөмірсіз қайталап немесе бірнеше рет жүргізгені үшін, сондай-ақ көлік құралына жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, бұрын айыппұл ғана салынса, енді жүргізушіні бір жыл бес тәулікке куәлігінен айыруы мүмкін", - деді Раззақ Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбауға байланысты құқық бұзу деректеріне әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная