ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2023 | 09:13
Қазақстанда жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылады
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы – G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы – G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.
Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы – 80 шақырым А3 тасжолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деп күтіледі, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.
Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 триллион теңгеден аса қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жалпы жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді деп күтіледі. Сонымен қатар, АЭА режимі нысандарды салуға кететін негізгі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұратын болады: Gate City – іскерлік және қаржылық орталық, Golden District – білім беру және медициналық хабы, Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ, Green District – туристік кластер. G4 City-де шамамен 2,2 миллион адам тұрады деп болжанған.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также