Биыл банк карталарын, банк шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, заң күшіне енген уақыттан бастап елде бұл бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген.
"Астанада алаяққа банк шотының деректерін берген 17 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу басталды. Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!