Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайндағы 500 теңге және 20 000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Реттеуші жаңа банкноттарды шығару жоспарлары туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
"2025 жылдың төртінші тоқсанында жаңа үлгідегі 500 теңгелік банкноттар, ал 2026 жылы – 20 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізіледі", – деп хабарлады Ұлттық банк.
Еске салайық, 2024 жылдың басында Ұлттық банк 500-ден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкноттарды ауыстыру жоспары туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!