ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қаңтар 2024 | 17:07
Қазақстанда жаңа қала пайда болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
- Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
- Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также