03 наурыз 2020 | 15:41

Қазақстанда жаңа кен орындары қай жақта ашылуы мүмкін екені айтылды

© Тұрар Қазанғапов

Моноқалаларға жақын жерде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Моноқалаларға жақын жерде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта "Қазгеология" ҰГК" АҚ 18 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның бесеуі - Жезқазғанда, Сәтбаев және Алтай (Зырян) моноқалаларының маңында.

Реклама
Реклама

"Учаскелер Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. (...) Шығыс Қазақстан облысында "Қазгеология" АҚ Зырян ауданы Ревнюшин алаңында алтын-полиметалл кен орындарын анықтау үшін ірі масштабты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорларды бағалай және есептей отырып кенді минералдау анықталса, бұл Зырян кен ауданының шикізат базасын нығайтады", - делінген министрліктің сайтында.

Бұл жобалар болжамды ресурстарды бағалай отырып, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен кен көріністерін анықтауға және контурлауға бағытталған дейді министрлік өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан кен орындарындағы қазба байлықтың таусылып жатқаны хабарланған болатын. Қазақстанда 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлық тапшы болуы мүмкін екені айтылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная