Қазақстанда жаңа мереке және демалыс күні: шешім қашан қабылданады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа мемлекеттік мереке енгізу бастамасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа мемлекеттік мереке енгізу бастамасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство бұл мәселе олардың құзыретіне кірмейтінін және ол үкімет деңгейінде келісуді қажет ететінін мәлімдеді.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз құзыреті шеңберінде жауап жолдады. Сонымен қатар, бұл жауап үкіметтің шоғырландырылған ұстанымы болып табылмайды, себебі жаңа мемлекеттік мерекелерді бекіту мәселесі ведомстволараралық қарауды және үкімет деңгейінде мақұлдауды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізуді талап етеді", – делінген министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министрлк Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжанның сұрауы қазіргі уақытта үкімет қарауында екенін хабарлады.

"Жаңа мемлекеттік мерекені бекіту туралы түпкілікті шешім барлық қажетті рәсім белгіленген тәртіппен аяқталғаннан кейін қабылданады", – деп қорытындылады Еңбек министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама