Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

viewings icon
730
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Қаулысы бойынша, Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленгені айтылды.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Реклама
Реклама

"Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз", – деген болатын Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная