Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: "38-1. Кітапханашы күні - 24 қазан", - делінген құжатта.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Реклама
Реклама

"Ашық НҚА" порталындағы сипаттамада қаулының мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін жақсарту және оны кәсіби аренада ынталандыру екені атап өтілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама