ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 мамыр 2025 15:12
Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады
Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік жариялаған бұйрық жобасында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізіміне алтауы қосылатыны айтылған:
- Қазақстан кәсіпкерлері күні;
- Қазақстан қолөнершілері күні;
- Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
- Кадр қызметінің қызметкері күні;
- Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.
Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді: бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күн — 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу