24 маусым 2021 17:28

Қазақстанда жаңа салық түрі енгізіледі: Президент заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлем енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлем енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Реклама
Реклама

Бұған дейін майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының 1 киловат/сағатына 1 теңге мөлшерінде төлемақы алу жоспарланғаны хабарланған болатын. Төлемақы сомасын цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және төлемақының белгіленген ставкасын негізге ала отырып есептейді.

Майнинг - криптовалюта өндіру тәсілі.

Жаңа нормаларды 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram