28 тамыз 2020 | 11:52

Қазақстанда жаңа Сенат депутаттары тіркелді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 12 тамызда сайланған 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың сенаторларына депутат куәлігін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 12 тамызда сайланған 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың сенаторларына депутат куәлігін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың жаңа депутаттарын ресми түрде тіркеді. Куәліктерді тапсыру рәсімі ОСК сайтында тікелей эфирде көрсетілді. 

Реклама
Реклама

"Сіздердің Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттігіңіз Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Құрметті депутаттар, құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Жемісті жұмыс тілеймін.

Бұл науқан шын мәнінде тарихта қалады. Пандемия жағдайында өткіздік, келесі науқан олай болмайды деп үміттенеміз", - деді Берік Имашев.

"Депутат болу және сайлаушылардың мүддесін қорғау - үлкен абырой және жауапкершілік. Біз, сайланған Парламент депутаттары, қоғам мен мемлекетке қызмет етуге дайынбыз. (...) Біз Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтауға, өз өңірлеріміз бен сайлаушыларымыздың атынан лайықты жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз", - деді Сенат депутаты болып қайта сайланған Ольга Перепечина.

Қазақстанның Сенат депутаттарын сайлау қорытындысы жайлы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная