17 маусым 2024 | 15:27

Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері - 738,4 теңге).

Реклама
Реклама

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная