18 қазан 2023 | 16:31

Қазақстанда жаңа зейнетақы реформасын жүргізу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Мәжілісмен елімізде ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін арттырып, жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Мәжілісмен елімізде ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақы мөлшеріне дейін арттырып, жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламентарий биыл ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілсе, келесі жылы 85 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отырғанын еске салды. Оның айтуынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мың теңгеден сәл артық.

Реклама
Реклама

"Ең төменгі жалақы өмір сүру құнын ескере отырып белгіленеді, сондықтан ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіру үкіметтің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне айналуы тиіс деп есептеймін", - деді Жұбанов.

Депутаттың айтуынша, кейбір елдерде зейнетақы белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен болса, әлеуметтік аударымдарды төлеу тәжірибесі бар.

"Сондықтан, мен жаңа зейнетақы реформасын жүргізіп, ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіруді ұсынамын", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная