ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2021 | 11:39
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың көп бөлігінде фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте нөсер болады деп болжанған. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған", - делінген хабарлмада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также