Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 28, 29, 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жауын-шашын жауады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы жерлерінде кейбір күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Реклама
Реклама

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнгі, таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста +18…+27 градусқа дейін,
  • солтүстікте +10…+17 градусқа дейін,
  • орталықта +15…+25 градусқа дейін,
  • шығыста +12…+20 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +23…+30 градусқа дейін жылынады,
  • ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20 градус шамасында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама