07 қазан 2021 | 15:42

Қазақстанда жануарларға қатыгездік жасағаны үшін берілетін жаза қалай өзгереді?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Бұл мәселеге қатысты жаза қалай өзгеретіні туралы Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Бұл мәселеге қатысты жаза қалай өзгеретіні туралы Tengrinews.kz материалында.

6 қазанда Мәжіліс депутаттары "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын бекітіп, заңнамаға өзгерістер енгізді.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы жануарларды күтіп-бағуға қойылатын талаптарды, осы саладағы мемлекеттік органдардың құзыретін, қараусыз және қаңғыбас қалған жануарларға қарау жөнінде талаптарды, оларды аулау және өлтіру туралы нормаларды, адами қасиеттерді нығайтуға бағытталған.

Реклама
Реклама

Заң жобасының 4-бабында жануарларға қарау келесі моральдық принциптерге негізделген:

  • Жануарларға азап шегетін, ауыратын тіршілік иесі ретінде қарау.
  • Жануардың өмірі, денсаулығы, әл-ауқаты үшін иесінің жауапкершілігі.
  • Жануарларды қатыгездіктен қорғау.
  • Халықты жануарларға деген дұрыс қарым-қатынас тұрғысынан тәрбиелеу.

Жануарларға қарау кезінде төмендегі қарым-қатынас түріне тыйым салынады:

  1. Ауыруды басатын препараттар мен анестетиктерді қолдану жануардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайлар есепке алмағанда, тиісті құралдарды қолданбай, жансыздандыратын препараттар немесе анестезияны қолдану көрсетілген жануарларға ветеринариялық және өзге де рәсімдерді жүргізу.
  2. Жануарларды басқа жануарларға немесе адамға шабуыл жасау ниетімен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтік міндеттерді орындап, аң аулауға байланысты емес мақсаттарда дәрі егу.
  3. Жануар иелері оларға арналған баспана анықталғанға дейін немесе өзге заңды тәсілмен иеліктен шығарғанға дейін жануарларды ұстау жөнінде міндеттерді орындаудан бас тарту.
  4. Жануарлар арасында жарыс ұйымдастыру.
  5. Жануарларға жарақат салатын, зиян келтіретін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
  6. Жануардың жарақаттануына, мертігуіне немесе өліміне әкеп соғатын құралдарды пайдалану.
  7. Иттер мен мысықтарды сою немесе жарақаттау, мертіктіру жолымен олардан өнім мен шикізат алу үшін өсіру, ұстау, пайдалану, сондай-ақ, мысықтар мен иттердің жүнін тарау тәсілінен бөлек, осындай жолмен өнім өндіру.
  8. Өз қолымен эвтаназия жасау.

Дератизация мен дезинсекция, сондай-ақ, осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес аң аулау, жабайы жануарлардың санын реттеу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою және эвтаназия қатыгез іс-әрекет болып табылмайды.

Заңда жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салады.

"Жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға, оның ішінде, пайда табу мақсатында немесе баспа, дыбыс-бейне жазу өнімдері мен басқа да ақпарат түрлерінде көрсету, таратуға тыйым салынады", - делінген құжатта.

Қылмыстық жауапкершілік

Қылмыстық кодексте жануарлардың өлімі мен зақымдануы үшін жауапкершілікке тартуды бөлу ұсынылады. Сонымен қатар, бұл заңсыздықты орташа дәрежедегі қылмыстар санатына жатқызу ұсынылады.

Жануарға зиян келтіргені үшін оған 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жоспарланып отыр немесе 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 тәулікке дейін мерзімде қамаққа алуға құқығы бар.

Жануардың өлуіне әкеп соққан қатыгездікпен айналысқаны үшін 200 АЕК (2021 жылы 583 400 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алады.

Соның ішінде жануардың мертігуіне немесе қырылуына әкеп соққан, оған қатыгездікпен қарағаны үшін жасалған:

  • екі және одан да көп жануарларға қатысты;
  • адамдардың алдын ала сөз байласуы бойынша;
  • бірнеше рет;
  • жас баланың қатысуымен;
  • осы іс-әрекетті бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жария етуге

1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу (2021 жылы 2 917 000 теңге), не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 400 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру көзделеді.

Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекс "Жануарларға қатыгездікпен қарау" және "Жануарларға қатысты заңнаманы бұзу" туралы баптармен толықтырылады.

Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жеке тұлғалар үшін 5 АЕК (2021 жылы 14 585 теңге), лауазымды адамдарға үшін 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл енгізу жоспарланып отыр. Бір жыл ішінде бұл жағдай қайталанса, айыппұл жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, лауазымды тұлғалар үшін 40 АЕК болады.

Үй жануарларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғалар үшін 20 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу ұсынылады.

Барлық заң жобасы Мәжіліс сайтында жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная