Қазақстанда жәрдемақы алу үшін жұмысқа орналастыру схемалары әшкереленді

Қазақстанда жәрдемақы алу үшін жұмысқа орналастыру схемалары әшкереленді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мақсатында еңбек қатынастарын жалған ресімдеу деректері анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша еліміздің бірқатар өңірінде қылмыстық істер қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мақсатында еңбек қатынастарын жалған ресімдеу деректері анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша еліміздің бірқатар өңірінде қылмыстық істер қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Схема қалай жұмыс істеген?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) мониторинг барысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ережелерін айналып өтіп, табысты асыра көрсету мақсатында жасалған жалған жұмысқа орналастыру деректерін анықтаған. Бұл әлеуметтік төлемдерді алуға мүмкіндік береді.

Жарнама
Жарнама

Қор мәліметінше, мұндай схемаларға қатысқан 258 кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ жалған еңбек қатынастарына тартылған 4,4 мыңнан аса азамат анықталған.

Қылмыстық істер мен үкімдер

Бүгінде еліміздің 13 өңірінде 38 қылмыстық іс қозғалған.

9 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Соттар Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда, түрлі өңірдегі схемаларды ұйымдастырған 12 адамды кінәлі деп таныды.

Сотталғандарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Цифрлық бақылау

Ведомство өкілдері әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру деректерді нақты уақыт режимінде айқас тексеруге және күмәнді операцияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстандықтарға ескерту

МӘСҚ азаматтарды күмәнді делдалдар қызметіне жүгінбеуге және жоғарылатылған төлемдерді ресімдеу үшін жеке деректерін бермеуге шақырды.

Қор мұндай әрекеттер схеманы ұйымдастырушылар үшін де, төлемді алушылар үшін де жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Еңбек министрлігінің 2025 жылы бюджет қаражатын қайда және қалай жұмсағанын тексерген болатын. Қаражаттың басым бөлігі зейнетақыға бағытталған. Алайда бұл қаражаттың кейде негізсіз төленгені белгілі болды: ақша қайтыс болғандарға, хабар-ошарсыз кеткендерге, тіпті өзге мемлекеттер азаматтарына да аударылып келген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама