Қазақстанда жасанды жолмен жаңбыр шақырылады

Қазақстанда жасанды жолмен жаңбыр шақырылады Фото:depositphotos.com

Қазақстан су тапшылығы мәселесін шешу үшін жасанды жаңбыр жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті арасындағы кездесу барысында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асыратыны хабарланды. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.

Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.

Еске салайық, Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама