06 ақпан 2024 11:05

Қазақстанда жастардан құралған тағы 6 қылмыстық топ ұсталды

Фото: polisia.kz

Қазақстанда жастардан құралған қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жастардан құралған қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Биыл қаңтарда басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілген.

Реклама
Реклама

"Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау дерегі анықталды. Тексеріс барысында 20 жастағы алты жігіт криминалитет өкілінің ықпалына түсіп, бірнеше бопсалау және өзге де қылмыстар жасағаны анықталды. Бір эпизодта олар үш студентті автокөлікке отырғызып, қаланың сыртына апарған, онда олар күш көрсетіп, мобильдік қосымша арқылы онлайн-несие ресімдеткен және 700 мың теңгені тартып алған. Топтың барлық қатысушылары ұсталды", - делінген хабарламада.

Алматы облысында 23 жасқа дейінгі үш тұрғыннан тұратын топ ұсталды, олар 2005 жылы туған қызбен келісе отырып, адамдарды алдап пәтерге апарып отырған. Онда олар жәбірленушілерді күш көрсетеміз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Павлодар облысының Ақсу қаласында бопсалау және алаяқтық қылмыстар жасағаны үшін жастар тобы ұсталды, оның қатысушылары қорқыту және алдау арқылы жәбірленушілерді несие ресімдеуге мәжбүрлеген, кейіннен ақша мен тауарларды иемденген. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

"Ақмола облысында жастар тобының екі мүшесі бұрын жергілікті тұрғыннан жарты миллион теңге бопсалағаны анықталды. Күдіктілердің бірі 2005 жылы туған және ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Екінші күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Абай облысында студенттерді қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан семейлік жас тұрғындардан құралған топтың қылмыстық әрекеті анықталды. Жәбірленушілердің бірі – жергілікті үниверситеттің екінші курс студенті, былтыр тамыздан бастап қаскөйлерге 700 мыңнан астам теңге берген. Күдікті қамауға алынды.

Атырауда жастар тобының мүшесіне қатысты жедел ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша екі шолақ мылтық және әртүрлі калибрлі 60 патрон тәркіленді. Ол 2005 жылы туған колледж студенті", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram