ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2018 | 10:54
Қазақстанда жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 6 қарашада ауа райы қандай боларын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 6 қарашада ауа райы қандай боларын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың пікірінше, Қазақстан аумағының көп бөлігінде әлі күнге дейін тұрақсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және қиыр батысында жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде жел, тұман, тайғақ сақталады, ал солтүстік-батыста боран тұрады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман мен мұз басады, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады, ал Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метр, Қостанай облысында боран тұрады.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Атырау, Алматы облыстарының кей аудандарында тұман болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Показать комментарии
Читайте также