20 ақпан 2024 | 11:12

Қазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы оқушылар орны тапшылығын шешуге, апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюға бағытталған.

Шенеуніктің айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Биыл 217 мектеп есігін айқара ашады. Оның үстіне 163-і ауылдық жерлерде салынады.

Реклама
Реклама

"Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінді: 2023 жылға – 500 миллиард теңге, 2024 жылға – 976,3 миллиард теңге, 2025 жылға – 909,4 миллиард теңге", – деді Бейсембаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная