ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2023 | 10:25
Қазақстанда жазда қанша адам суға батып кеткені айтылды
Үш айда Қазақстанда 177 адам суға батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үш айда Қазақстанда 177 адам суға батып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, шомылу маусымы кезінде 1 маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған. Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.
Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен. Оқиғаның көпшілігі жабдықталмаған жағажайда болған.
Суға батып кетудің негізгі себебінің бірі - өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде шомылу немесе жүзу алмауы. Ал балалардың өлімінің басты себебі - ересек адамның қарауынсыз қалуы.
Ел бойынша барлығы 612 рұқсат етілген су демалыс орны бар. 4285 орын шомылу үшін қауіпті деп танылып, шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также