30 қараша 2022 | 18:03

Қазақстанда жел паркі салынады: Франциямен келісімге қол қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz/

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне Мемлекет басшысы қатысты.

Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады.

Реклама
Реклама

Жобаның болжамды құны - 1,9 миллиард доллар.

Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаның бірегейлігін көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная