02 наурыз 2023 | 12:01

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған. Ол ақша қалай жұмсалатынын да айтты.

"Қазіргі уақытта бұл есепшотта 120 миллиард теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінің өтініштерін күтіп отырмыз. Қажеттілік бар мектептерді жөндейміз. Бұл үш ауысымды мектептер, онда жедел жөндеу жұмыстары жүргізілу керек, белгілі бір кеңейту жұмыстары аяқталуы керек. Қазір өтініш беру процесі жүріп жатыр. Біз оларды жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная