11 мамыр 2022 | 16:50

Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізілімі пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Жоспарға сәйкес:

Реклама
Реклама
  • адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;
  • мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;
  • пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;
  • сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;
  • арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін белгілеу;
  • ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу;
  • ӘҚБтК-ге Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында түзетулер енгізу бастамалары қосылды.

Консультатив құжаттар биыл 13 мамырда жария талқылау үшін "Ашық НҚА" интернет-порталында, сондай-ақ агенттіктің интернет-ресурсында жарияланады.

Консультатив құжаттарды талқылау мерзімі - 15 жұмыс күні және биыл 2 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Ресейде жемқор шенеуніктер тізілімі 2018 жылы құрылған. Онда жемқор лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы, ол жұмыстан босатылған органның атауы, жұмыстан босату себебі мен күні және тізілімге енгізілгені көрсетіледі. Сонымен қатар, тізілімде қандай заң нормалары бұзылғаны көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная