02 маусым 2021 | 13:00

Қазақстанда жер туралы заңға өзгерістер енгізу жоспарланды

Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтарға 49 жылға ауыл шаруашылығы жерлері жалға беріледі. Мәжіліс жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға 49 жылға ауыл шаруашылығы жерлері жалға беріледі. Мәжіліс жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзірленген заң жобасының мақсаты жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.

Заң жобасының негізгі өзгерісі мен толықтыруы қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді жалға беру", - деді ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров Мәжіліс отырысында.

Бұдан басқа заң жобасында жерді пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттен сатып алмай-ақ иеліктен шығару мүмкіндігі көзделеді. Бұл ретте жерді кемінде бес жыл пайдалану, сондай-ақ жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету міндетті шарт болады.

Реклама
Реклама

Түзетулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бағбандыққа және саяжайға арналған нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салуды енгізеді.

Сондай-ақ, заңсыз алыпсатудың алдын алу үшін заң жобасында шектеулер енгізілген.

"Бес жыл ішінде уәкілетті орган ұтымды пайдалануға мониторинг жүргізеді. Жер ұтымсыз пайдаланылған жағдайда алып қоюға құжаттар дайындалады", - деді Айдарбек Сапаров.

13 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заңға қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная