Қазақстанда жеті өңір қалдықтарды қайта өңдеу жоспарын орындай алмаған: тізім

Фото:depositphotos.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қалдықтарды қайта өңдеу жоспарын орындай алмаған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қалдықтарды қайта өңдеу жоспарын орындай алмаған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналады.

"2024 жылы олардың қайта өңделу деңгейі 25,8 пайыз болды, ал жоспар 30 пайыз болатын. 20 өңірдің ішінде 7 өңір белгіленген көрсеткішке жете алмады", – деді Нысанбаев.

Реклама
Реклама

Министр 20 өңірдің ішінде жеті өңір белгіленген қайта өңдеу деңгейіне жете алмағанын атап өтті.

"Ең төмен көрсеткіш келесі өңірлерде байқалады: Ұлытау – 12 пайыз, Алматы – 7,3 пайыз, Маңғыстау облысы – 5,5 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы – 5 пайыз және Шымкент – 3,5 пайыз", – деді Нысанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама