ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2024 | 12:49
Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері аталды
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге 684,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 490,3 миллиард теңге бағытталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы және басқа да мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге 684,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 490,3 миллиард теңге бағытталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы және басқа да мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 398 мың адам зейнетақы алды.
1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 064 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 436 теңге, базалық зейнетақы – 42 628 теңге.
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескеріп, әрбір алушыға жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға арналған ынтымақты жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер енгізіледі.
"Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызына тең болады. Әрі қарай, жыл сайын 10 жылдан астам уақыт ішінде оның мөлшері 2 пайызға артады. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болғанда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 85 пайызына тең. 30 және одан да көп жыл өтілі кезінде ол ең жоғары мөлшерде - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызында белгіленеді", - деп түсіндірді ведомстводан.
Егер бір айда МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір ай болады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.
"Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде алты ай қажет) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты", - деп нақтылады министрлікте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также