ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 11:29
Қазақстанда Жоғарғы Сот төрағасы үміткеріне қойылатын талаптар өзгереді
Мәжіліс "Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Жоғарғы Сотта әкімшілік істер жөніндегі алқаны құруды және Жоғарғы Сот төрағасы мен судьясы лауазымына үміткерге қойылатын талаптарды өзгертуді көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс "Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Жоғарғы Сотта әкімшілік істер жөніндегі алқаны құруды және Жоғарғы Сот төрағасы мен судьясы лауазымына үміткерге қойылатын талаптарды өзгертуді көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдауды және оны қолданысқа енгізуді 2021 жылғы 1 шілдеге жоспарлау тапсырылды. Жоғарғы Сот пен облыстық соттардың "сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңда белгіленген қолданыстағы құрылым Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс міндеттеріне толық сай келмейді", - деді депутат Қанат Мусин Палата отырысында.
Заң жобасындағы түзетулер екі бөлімнен тұрады.
Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды. Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта мамандандырылған сот алқасы таратылды. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады.
"Сондай-ақ, заң жобасында Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына үміткерлерге, судьяларға қойылған, мемлекет басшысы тағайындауға ұсынатын талаптарға өзгеріс енгізіледі. Бұл түзетулер елдің Жоғарғы Сот органына құқықтың мамандандырылған салаларында, мысалы, салық құқығында немесе жер қойнауын пайдалану құқығында үлкен тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға бағытталған.
Бұл неғұрлым даулы істер бойынша сот төрелігі сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүкіл сот жүйесіне оң әсерін тигізеді. Бұл түзетулер мемлекет басшысы ұсынған үміткерлерге ғана қатысты екенін ерекше атап өткен жөн. Бұл басқа судьяларға қатысты емес", - деді Қанат Мусин.
Депутаттың айтуынша, енгізілетін нормалар әкімшілік сот төрелігінің бастапқы кезеңінде жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық және жария даулар туралы істерді қарау кезінде сот тәжірибесін анықтауға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также