Қазақстанда жоғары лауазымға тағайындалатын шенеуніктер қалай тексеріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда жоғары лауазымға тағайындалатын шенеуніктер қалай тексеріледі? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанда жоғары лауазымдарға тағайындалған шенеуніктер қалай тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанда жоғары лауазымдарға тағайындалған шенеуніктер қалай тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін ел Президенті жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған қорытындыны талап ету қажет екенін мәлімдеген болатын.

"Осы тапсырманы орындау мақсатында Президент Әкімшілігінің лауазымдарға тағайындалатын кандидаттарға қатысты жазбаша сұрауы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы құзыретіне сәйкес тиісті жауап береді. Хаттамада оларды қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауапкершілікке тарту, теріс себептер бойынша жұмыстан босату, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасау деректері көрсетіледі", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2022 жылғы ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорытындысын талап етуді тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама