ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2021 | 10:09
Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 7,2 мың жол-көлік оқиғасы болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5 пайызға көп. Елімізде болған 10 жол-көлік оқиғасының 3-еуі Алматыда тіркеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі rating.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдардағы апат саны бойынша Алматы өңірлер арасында көш бастап тұр. Онда екі мың жол апаты болған. Қалада жазатайым оқиғалар саны былтырғымен салыстырғанда 35,9 пайызға артқан. Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша анти-көшбасшылар қатарында Алматы облысы (1,3 мың жол-көлік оқиғасы, 26,5 пайызға артқан) және Жамбыл облысы (576 апат, 10,8 пайызға артқан) бар.
Жол-көлік оқиғасы ең аз тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы - 97 оқиға.
2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 10,6 мың адам жазатайым оқиғадан зардап шекті (жылына 16 пайызға артқан). Жараланғандар саны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15,8 пайызға, 9,5 мың адамға дейін көбейді.
Жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны былтырғамен салыстырғанда бірден 17,6 пайызға өсіп, мың адамнан асқан. 733 ер адам, 284 әйел, 89 кәмелетке толмағандар бар.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны бойынша: Алматы (2,4 мың адам) алдыңғы орында, кейін Алматы облысы (2,1 мың адам) және Жамбыл облысы (966 адам).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также