18 шілде 2022 | 17:19

Қазақстанда жолдарда көліктерді тексеру күшейтіледі

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан полициясы жолдағы көліктерді тексеруді күшейтеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан полициясы жолдағы көліктерді тексеруді күшейтеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ішкі істер министрлігі ел аумағында 18 шілдеден бастап жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты шара өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізіліп, жол-көлік оқиғасы салдары мәселесіне назар аударуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде, мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы артады.

Реклама
Реклама

"Әдетте, жол-көлік оқиғалары артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар тасымалын тексеру мен патрульдік шараларды күшейтеді.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бір ай ішінде өткізетін барлық іс-шара мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау", - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная