29 маусым 2021 | 14:21

Қазақстанда жүкті әйелдерге вакцина алуға рұқсат етіле ме? Министрлік жауабы

Фото: elements.envato.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде тыйым алып тасталғаннан кейін "Қазақстанда жүкті әйелдерге COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат етіле ме?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде тыйым алып тасталғаннан кейін "Қазақстанда жүкті әйелдерге COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат етіле ме?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, ведомство жүкті әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналауға тыйым салуды алып тастау мәселесін "қазіргі уақытта қарастырып отырған жоқ".

"Ресейде екпе салуға рұқсат етілгенін білеміз, алайда әзірлеуші Қазақстанға тиісті ұсынымдар жіберген жоқ. Олар жіберілсе, біз дәрігерлер кеңесін өткіземіз, онда тыйым салу немесе рұқсат беру туралы шешім шығарамыз. Мұның бәрі кеңеске байланысты. Қазір Қазақстанда жүкті әйелдерге "Спутник V" вакцинасын алуға тыйым салынған", - деді Байтанаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ресейде жүкті әйелдерге "Спутник V" салуға рұқсат берілді. Мұндай шешім вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелері, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректер ескеріле отырып қабылданды.

"Спутник V" - коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында (ҒЗО) жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная