18 желтоқсан 2021 | 13:26

Қазақстанда жұмыртқа мен көкөністер арзандады

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев және т. б. баяндады.

Реклама
Реклама

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға төмендеді. Түркістан облысында 0,6 пайызға, елордада 0,3 пайызға, Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында 0,2 пайызға, Алматы қаласында және Қарағанды облысында 0,1 пайызға бағаның төмендеуі тіркелді. Жалпы, республика бойынша көкөністер бағасы төмендеп жатыр. Қалған басқа өнімдердің бағалары тұрақты.

2021 жылы 769,3 мың тонна өнімге, оның ішінде 684 мың тонна жұмсақ бидайға келісімшарт жасалғаны хабарланды. Қазіргі уақытта 559 мың тонна немесе келісімшарт жасалған көлемнің 72,7 пайызы жеткізілген.

Қазіргі таңда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілерінің атына 113 хабарлама жіберді, 16 тергеу жүргізді, өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 192 актісін жасады. Сауда үстемесін көтерудің 75 дерегі анықталды.

"Биылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республиканың барлық құс фабрикалары бойынша тауық жұмыртқасының бағасын 16 пайызға - бір данасына 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін төмендетті", - делінген хабарламада. 

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету жұмысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная