26 мамыр 2021 | 10:54

Қазақстанда жұмыссыздар саны артты - сарапшы

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жұмыссыздар саны былтырғымен салыстырғанда екі пайызға артты. Бұл туралы сарапшылар егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Finprom.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жұмыссыздар саны былтырғымен салыстырғанда екі пайызға артты. Бұл туралы сарапшылар егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Finprom.

2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз халықтың саны 451,3 мың адам болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі пайызға көп. Жұмыссыздық деңгейі шамалы өсті - жылына 4,8-ден 4,9 пайызға дейін.

Реклама
Реклама

Жұмыссыз халық ең көп өңірлер: Алматы, Түркістан облысы және Шымкент.

"Қазақстан өңірлері арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың жұмыссыздық деңгейі Қарағанды облысында 4,5 пайыздан Түркістан облысы мен Алматыда 5,2 пайызға дейін көтерілген. Түркістан облысында жұмыссыз халықтың саны 2,3 пайызға, 42,6 мың адамға дейін, Алматыда 3,4 пайыз, 53,2 мың адамға дейін өсті", - деп жазады сарапшылар.

Бұл ретте әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: 4,4 пайызға қарағанда 5,4 пайыз.

Ал қалалық және ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі теңесті. Бұл ретте, егер қалалық жерлерде көрсеткіш былтырмен салыстырғанда өзгермесе, онда ауылдық жерлерде ол өсті.

Сондай-ақ, 2020 жылғы "карантинде" екінші және үшінші тоқсандарында жұмыссыздық деңгейі тіпті 5 пайызға жетті, ал жұмыссыздар саны 454 мыңнан 455 мың болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная