Қазақстанда жыл басынан бері 57 радикал сотталды - ҰҚК

Қазақстанда жыл басынан бері 57 радикал сотталды - ҰҚК © kpbs.org

?аза?станда 57 радикал сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??К сілтеме жасап. 

Қазақстанда 57 радикал сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың басынан бастап ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстанда лаңкестік және діни-экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 57 радикалды соттаған.

"Төрт жеке тұлға мен сегіз радикал топтың жолы кесіліп, бейтараптандырды", - деді ҰҚК-нің өкілдері.

Реклама
Реклама

Биылғы 31 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облыстарының территориясында үш лаңкестік топтың жолы кесілгені айтылады. 

Осы топтардың мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру"), 256-бабы ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру"), 257-бабы ("Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу")  231-бабы ("Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу"), 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"), 288-бабы ("Қаруды заңсыз жасау") бойынша іс қозғалған.

Сот санкциясы бойынша Батыс Қазақстаннан 10 адам және Ақтөбе облысында 11 адам сотталған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама