Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды. Онда есірткіге қатысты мәліметтер болған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Данияр Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жыл басынан бері 70-ке жуық сайт бұғатталды. Онда есірткіге қатысты мәліметтер болған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Данияр Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ІІМ мамандары есірткінің таралуы туралы ақпарат бар сайттарды, жазбаларды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернетті бақылап отырады.

Оның айтуынша, 2022 жылы "Кибернадзорға" 1996 есірткі сайты бұғаттау үшін жіберілген, оның 1493-і бұғатталған.

Жарнама
Жарнама

"Осылайша, 2022 жылы аумақтық бөлімшелер телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні таратумен айналысқан 632 адамды ұстады, оның ішінде 26-сы чат-боттардың әкімшілері мен ұйымдастырушылары, 74-і есіртікіні бөліп, сақтаушылар, 364-і курьерлер, 58-і зертханаларды ұйымдастырушылар және 26-сы граффити сызбаларын қолдануға арналған трафаретшілер. 84 интернет-дүкендер мен чат-боттар анықталды.

Жылдың басынан бері 179 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді, 69-ы бұғатталды", - деді Данияр Оралов Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама