ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 шілде 2026 09:14
Қазақстанда жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы 38 қылмыстық іс қозғалған
Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдарға қатысы бар тұлғаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және қатысу, оның ішінде трансұлттық сипаттағы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдарға қатысы бар тұлғаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және қатысу, оның ішінде трансұлттық сипаттағы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
"Әр түрлі қылмыс жасағаны үшін қылмыстық ортаға қатысы бар 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Азаматтар мен кәсіптердің қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылады. Полицейлер кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарында жасалған және өзге де қылмыстарға қатысты 270-тен астам бопсалау фактісін анықтады. Еліміздің өңірлерінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
ІІМ мәліметінше, басым бағыттардың бірі - қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауы және қызметкерлерге қауіп төндіру фактілері бойынша 50-ден астам қылмыстық іс тіркелді.
ІІМ бастамасымен "заңдағы ұры" деп аталатын санатқа жататын, сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салынған.
"Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заңды іске асыру аясында 80-нен астам қылмыс анықталды. Зардап шеккендерге қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді", - делінген министрлік ақпаратында.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу