Қазақстанда қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты төмендету ұсынылды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда Қостанай – Тобыл тасжолының сәтті тәжірибесіне сүйене отырып, тасжолдардағы жылдамдықты төмендету ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Қостанай – Тобыл тасжолының сәтті тәжірибесіне сүйене отырып, тасжолдардағы жылдамдықты төмендету ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ұсынысты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев Сенаттағы дөңгелек үстел отырысында айтты.

"Біз Үкіметке ең алдымен тасжолдардағы жылдамдық режимін ақылға қонымды түрде төмендетуді ұсындық. Мысалы, 2023 жылы Қостанай мен Тобыл арасындағы көпірде үш жол апаты тіркеліп, оның бірі өлімге әкелді. Осыған байланысты жылдамдық 90 шақарым/сағаттан 60 шақырым/сағатқа дейін төмендетілді. Нәтижесінде былтыр бұл жерде бірде-бір жол апаты болған жоқ. Жол-көлік оқиғаларының тағы бір негізгі себебі – жүргізушілердің тәртіпсіздігі мен мас күйінде көлік жүргізуі," – деді Әлкенев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, былтыр 12 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған, соның ішінде 446 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама