ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2020 | 13:03
Қазақстанда қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды
Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Мұндай шешімді премьер-министр Асқар Мамин төрағалық ететін Мемлекеттік комиссия қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлік қатынасы бойынша: Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ:
1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
3. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеуге шешім қабылданды.
Сонымен қатар, 5 шілдеден бастап 14 күнге сұлулық салондарының жұмысы тоқтатылды. Одан бөлек, карантин кезінде той жасауға тыйым салынды.
Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин қалай күшейтіледі?
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также