Қазақстанда қалалар мен ауылдардың атауын өзгерту ережелері өзгереді

Қазақстанда қалалар мен ауылдардың атауын өзгерту ережелері өзгереді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда елді мекендердің атауын өзгерту тәртібін қайта қарау жоспарланып отыр. Енді мұндай шешімдер жергілікті тұрғындардың пікірін "барынша ескере отырып" қабылданады. Тиісті норма "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Конституциялық заң жобасында бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда елді мекендердің атауын өзгерту тәртібін қайта қарау жоспарланып отыр. Енді мұндай шешімдер жергілікті тұрғындардың пікірін "барынша ескере отырып" қабылданады. Тиісті норма "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Конституциялық заң жобасында бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Парламент депутаттары жобаны бүгін палаталардың бірлескен отырысында қарады. Депутат Еркебұлан Мәмбетов заңда қала немесе ауыл атауларын өзгерткен кезде "тұрғындардың рөлі күшейтілетінін" мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

"Жобада нысандарға атау беру, қайта атау, нақтылау және атаулардың транскрипциясын өзгерту кезінде тұрғындардың рөлі мен халықтың пікірін ескеру талабы күшейтіледі. Мұндай тәсіл әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде белгілі бір аумақта тұратын халықтың нақты құндылықтары мен мүдделерін көрсетуге мүмкіндік береді", – деді депутат.

Қазір бұл қалай жұмыс істейді?

Шын мәнінде, бұл мүлдем жаңа норма емес. "Халықтың пікірін ескеру" ережелері бұрыннан жұмыс істеп келеді. Мысалы, ауылдың атын өзгерту туралы шешім қабылданғанда – әкімдік мәселені мәслихаттың қарауына ұсынады, ал халықтың пікірін білу үшін жалпы жиналыс өткізіледі.

Жиналыс қорытындысы бойынша дауыс беру өткізіліп, шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Содан кейін ономастикалық комиссия өз қорытындысын береді.

Анықтама: Ономастикалық комиссия – елді мекендердің, көшелердің және басқа да географиялық нысандардың атаулары мәселелерімен айналысатын арнайы орган.

Дегенмен, қоғамда елді мекендердің атауын өзгертуге байланысты тұрғындар мен билік арасында жиі даулар туындап тұрады. Сондықтан да Қазақстанда бұл шешімдерде тұрғындардың рөлін заңнамалық деңгейде күшейту туралы шешім қабылданған көрінеді.

Еске сала кетейік: Президент бұған дейін көшелер мен елді мекендердің атын өзгерткен кезде тұрғындардың пікірін ескеру маңызды екенін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама