Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады. Мәскеу маңындағы Жуковскийде өтіп жатқан МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады. Мәскеу маңындағы Жуковскийде өтіп жатқан МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан "Байкал" ұшағын шығаруды, Калашников автоматын құрастыруды, сондай-ақ авиациялық техника компоненттерін шығаруды бастайды", - делінген хабарламада.

Қару "ТЫНЫС" АҚ зауытында шығарылады: МАКС-2021 шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында Калашников автоматтарын жасау туралы шартқа қол қойылған. Жобаның операторы "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ компаниясы. АК-12 және АК-15 сияқты заманауи атыс қаруын бірлесіп өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық тамызда басталады.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, Қазақстан-Ресей кооперациясы шеңберінде "Байкал" көп мақсатты ұшағын жасау жобасында "Қазақстандық авиациялық индустрия" қазақстандық авиациялық өндіріс кәсіпорнын сатып алуға келісімшартқа қол қойған.

Қазақстан тарапынан жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі  - миллиард рубль (5,7 миллиард теңге). Оның орнына Қазақстан жобадағы миноритарлық үлесті және осы ұшақтарды өндіруге лицензия алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама