Қазақстанда қалың қар жауады: демалыс күндеріне болжам

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда қалың қар жауады: демалыс күндеріне болжам Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

"Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қалың қар жауады

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына Атлантика өңірлерінен жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттар ықпал етеді. Салдарынан қар жауып, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, боран және жел күшейеді.

Реклама
Реклама

Ауа температурасы қандай болады?

Циклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын Қазақстанның едәуір бөлігіне жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі:

  • түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде –5…–18 градусқа дейін,
  • оңтүстік-шығыста –2…–7 градусқа дейін, таулы аймақтарда –7…–15 градус.
  • Қазақстанның солтүстік облыстарында түнде ауа температурасы –20…–35 градусқа дейін жететін аяз сақталады.

"Сонымен қатар құрамында суық арктикалық ауа бар антициклон жотасы елдің батыс аймақтарына таралып, түнгі уақытта ауа температурасының –15…–30 градусқа дейін, ал солтүстік-батыста –20…–35 градусқа дейін төмендеуіне әсер етеді", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама