06 тамыз 2024 | 10:45

Қазақстанда камераларға адамды бет-әлпетінен тану жүйесі қосылып жатыр

Фото:depositphotos.com

Алматы мен Атырауда адамды бет-әлпетінен тану үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Атырауда адамды бет-әлпетінен тану үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бет-әлпетті тану жүйесін енгізу туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Реклама
Реклама

Берік Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейткен. Прокурорлар биыл халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдаған.

Ал қазір бұл жұмысқа жасанды интеллект тартылды, бірақ әзірге екі қалада ғана.

"Біз биыл тамызда Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және жоғалған 2 адам танылды", - деп жазды бас прокурор.

Ол ЖИ камераларының көмегімен жас пен сырт келбеттің өзгеруіне қарамастан адамдарды тауып, іздеу шараларын күшейтуге болатынын айтты.

"Прокурорларға жүйені барлық өңірлерге енгізу тапсырылды. Қазір 9 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр, оның 2,2 мыңы қылмыскер және 2 мыңы хабарсыз жоғалғандар".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная